Талас ауданында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Серік Томановтың 70 жылдығына арналған «Құс қанат менің ғұмырым» атты еске алу кеші өтті. Рухани кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы дәріптеліп, оның туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке толы жырлары көрермендерге ұсынылды.

Іс-шара барысында «Талас» халық театры ақын шығармалары негізінде сахналық көрініс қойып, кештің мазмұнын тереңдете түсті. Сондай-ақ, аудан көлемінде алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылған «Серік оқулары» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқауға 37 үміткер қатысып, жас таланттар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.