Қаратау қаласында тұрғындармен жоспарлы кездесу өтіп, қала өміріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Алғашқы бөлімде абаттандыру, жолдардың жағдайы, инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік нысандардың жұмысына қатысты тұрғындар көтерген ұсыныстар қаралды. Әр сауал бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.