Ұлт болашағы - ұрпақ тәрбиесі жолындағы тәртіп пен тірлік тағы бір мәрте таразыланды. Жасөспірімдер арасындағы статистиканы білім басқармасының басшысы арнайы жиында баян етті. Бірер дерек айтсақ, жыл басынан бері өңірде 24 суицид фактісі тіркеліп, 16 жас өмірімен қош айтысқан. Ал, полиция департаментінің дерегінше, соңғы 10 айда 10 мыңға жуық жеткіншек түрлі құқықбұзушылықтар бойынша полицияға жеткізілген.