Жуалы ауданында «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шара Бауыржан Момышұлы және Бәйтерек ауылдарында ұйымдастырылды. Тұрғындар өз өтініштері мен ұсыныстарын жауапты мамандарға жеткізді. Қоғамдық қабылдауға партия өкілдері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.