Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында «Тараз – тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Бас қосудың басты мақсаты – көне Тараз қаласының бай тарихи мұрасын жаңаша зерттеп, оның өркениеттік маңызын кеңінен таныту.