Бұл жолы әскерилердің міндеті өзгеше болды. Қарттар күніНДЕ Тараз қаласында Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз ұшу аппараттарын даярлау және қолдану жөніндегі оқу орталығының әскери қызметшілері игі іс бастады. Олар №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қамқорлыққа алынған қарияларға қолғабыс жасады.