Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік күн аясында патриотизм мен азаматтық бірлікті нығайтуға бағытталған түрлі бастамалар, акциялар мен мәдени бағдарламалар өтті. Сонымен қатар қалада шағын жәрмеңке өткізіліп, тұрғындар үшін арнайы мәдени шаралар ұсынылды.