Еліміз үшін мерейлі мереке – ҚР Конституциясының 30 жылдығына тұспа тұс келген білім күнінде Байзақ ауданындағы Сарыбарақ ауылында 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қуанышты сәтті тамашалауға ауыл тұрғындары көп жиналды. Ақсақалдар батасын беріп, аналар шашу шашты.