1 тамыздан бастап еліміз бойынша бастау алған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Қордай ауданында қарқынды жүргізілуде. Бұл науқан аграрлық сектордың шынайы жағдайын түсінуге мүмкіндік беріп, фермерлер мен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың кең ауқымдағы ақпараттарын жинауға бағытталған.