Қаратау қаласында орналасқан «Talas Investment Company» ЖШС — Қазақстанда натрий цианиді мен аммоний сульфатын шығаратын жалғыз зауыт. Өндірісте шетелден жеткізілетін химиялық шикізат өңделіп, дайын өнім шығарылады. Зауыт жылына 15 мың тоннаға дейін натрий цианидін және 5 мың тонна аммоний сульфатын дайындауға қауқарлы.