Жамбылда Ньютон, Эйлер сынды әлем ғалымдарының теорияларын зерттеп, өз формуласын ойлап тапқан профессор бар. Су шаруашылығы саласына әлемдік деңгейде өз үлесін қосқан ғалым Әбдіманап Әбдіраманов. Ол 50 жылын аталған салаға арнап, ғылыми жетістіктерге қол жеткізген. Бүгін 9 шілде елімізде су шаруашылығы мамандарының кәсіби мерекесі.