Жамбылда жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға енді сотталғандар да сеп болмақ. Бұл бағытта қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №25 түзеу мекемесінде жаңа аяқ-киім цехы ашылды. Осылайша облыстық прокуратураның қолдауымен жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамтудың тағы бір жобасы жүзеге асты.