Тараздық оқушылар 11- Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық слетіне дайындалуда. Биыл оқушылар слеті маусым айының соңында Ақтөбе қаласында өтеді. Онда еліміздің барлық өңірлерінен ең үздік жас әскерилер жиналады.Жамбылдан аттанатын «Тарлан» командасы 5-ші механикаландырылған бригадада дайындықтарын пысықтауда.