Абай облысында тағы бір қаржылық пирамида әшкереленді. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаменті «Rakhat0425» атты қаржылық пирамиданың қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар азаматтарға мемлекеттік сатып алулармен байланысты жалған инвестициялық жоба ұсынып, 30 пайыз мөлшерінде дивиденд төлеуге уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынған. Үшінші күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.