Меркі ауданы, Жамбыл ауылында ерекше қуаныш орын алды. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауыл халқының ұйымшылдығы мен бауырмалдығының арқасында бой көтерген жаңа баспана өз иесін тапты. Салтанатты рәсімге аудан әкімі, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.