Сарысудағы Жайылма ауылында ерекше еңбек адамы тұрады. Жанбөрі есімді шаруа жапан даланы кезіп жүріп, жалғыз бұлақты кездестіреді. Сөйтіп сол су аққан жерден қора салып, қожалық құрады. Қазір қоластында 40-тан аса түйе, тауыс құстары, кептер мен тасбақаға дейін бар. Тіпті құмды далада жасанды көл жасап, миллондаған балық өсіріп отыр.