Тараздағы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бірінің базасында "Жас ұлан" әскери-спорттық ойынының республикалық финалы басталды. Оған қатысу үшін Жамбыл жеріне еліміздің барлық облыстарынан және Республикалық маңызы бар қалалардан жас әскер командалары арнайы келген.