«Өңірде этнография факультетін ашу керек. Ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың санасына сыналап сіңдіретін уақыт жетті». 40 жылдан астам уақыт бері қазақтың салт-дәстүрін зерттеп, қал-қадірінше қағаз бетіне түсіріп жүрген Жамбылдағы жалғыз этнограф осылай дейді.

Халқымыздың дәстүрлі өнеріне жан бітіріп, ең алғаш әуесқой бүркітшілердің клубын құрған байырғы құсбегі қазір құрметті демалыста. Өмірден көрген –білгені, көкейге түйгені кітабының арқауы. Тарихтан да там-тұмдап тың деректер келтіріп, табиғат тақырыбына да қалам тербеген қария – көненің көзі, шежіренің өзі.