Жамбыл облысында ұлттық жоба аясында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. 2030 жылға дейін өңірде жалпы құны 148 млрд теңгені құрайтын 158 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл 23,6 млрд теңгеге бағаланған 20 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстар коммуналдық инфрақұрылымның сапасын арттырып, тұрғындарды сенімді әрі үздіксіз қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған.


Ұлттық жоба аясындағы биылғы бастамалардың басым бөлігі электр желілерін жаңғыртуға бағытталған. Жалпы құны 20,6 млрд теңгені құрайтын 15 жоба аясында 1450 шақырым электр желісі мен 4 қосалқы станция жаңартылады. Бірқатар нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қалған жобаларда желілерді ауыстыру және жаңа жабдықтарды орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар 2,4 млрд теңгеге 4,4 шақырым жылу желісін жаңарту жұмыстары жүзеге асырылуда.