Қоғамның психологиялық саулығы – ұлттың болашағын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Ал жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық – ерекше назар аударуды қажет ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Баланың жан дүниесіндегі өзгерістерді дер кезінде байқап, оған қолдау көрсету – ата-ананың, ұстаздың және қоғамның ортақ міндеті. Өңірде бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? 


Жасөспірімдік кезең – адамның тұлғалық қалыптасуындағы ең күрделі белестердің бірі. Бұл уақытта бала эмоциялық күйзелістерге, қоршаған ортаның ықпалына және түрлі психологиялық қиындықтарға жиі тап болады. Сондықтан білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлініп, мектеп психологтары балалармен тұрақты жұмыс жүргізуі тиіс.