Қарахан кесенесі аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі өтті. Экологиялық бастама тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Сонымен қатар жастардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруды көздейді.
Сенбілікке Жамбыл облысының жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері, сондай-ақ Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты. Олар Қарахан кесенесі мен «Жерасты мешіті» тарихи нысанының маңын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысты.