Мойынқұм ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық түсіндіру шарасы өтті.


Аудан әкімдігі полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және еріктілермен бірге аудан орталығындағы сауда нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық газ бен электр желілерін қауіпсіз пайдалану, балалардың судағы және терезеден құлау қаупінің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Шара барысында арнайы жадынамалар таратылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар аудан көшелерінде арнайы автокөлік арқылы рупормен қауіпсіздік талаптары жөнінде ақпараттық хабарламалар таратылды. Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Себебі қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.