Той мәдениетін қалай қалыптастыруға болады? Себебі, той қазіргі халықтың тұрмыс салтының ажырамас бөлшегіне айналып кетті. Қоғамда жиі қозғалатын маңызды мәселені меркіліктер талқыға салды. Жергілікті билік бас болып, аудан азаматтары қош көріп, той мәдениетін көтерудің жолдарын саралады. 


Тойдың болғаны жақсы. Бірақ, жүздеген адамның басын қосар тойда жүйесіздік көп. Меркіде өткен жиында осы мәселе талқыға түсті. Басқосуда кафе-мейрамхана иелері мен аудан ақсақалдары, асабалар мен құқық қорғау органдарының өкілдері бірқатар ұсыныстарын айтып, халықты тәртіпке шақырды.