2026 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасында, оның ішінде Әулиеата өңірінде Саркома туралы ақпараттандыру айлығы өткізіледі. Бұл туралы брифингте Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметов баяндады.


Жалпы облыстық онкологиялық диспансерде әр ай сайын, әр түрлі ауруға арналған айлық өтіп тұрады. Осы шілде айын Саркома туралы хабардарлық айына арнап отыр. Бұл аталған дерттің қазір 5 түрі кездеседі дейді мамандар.