Қазақстанда Бірыңғай QR-код жүйесі қолданысқа еніп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жаңа белесін бастады. Бұл бастама банкаралық байланысты бекемдеп, бизнестің де, бұқараның да төлем жасау барысын бұрынғыдан бетер ыңғайлы етті.


Бүгінде Бірыңғай QR-код арқылы әртүрлі банктің мобильді қосымшасын пайдаланатын азаматтар бір ғана кодты сканерлеп, бірнеше секунд ішінде төлем жүргізе алады. Бұрын бөлек-бөлек орналастырылатын банк кодтарының орнына бірыңғай шешім енгізіліп, кәсіпкерлердің жұмысын біршама жеңілдетті.Сондай-ақ бұл жүйеге бұқараға да қолайлы.