Елімізде тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауының үгіт жұмыстары қыза түсті. Саяси додаға қатысып жатқан 7 партияның кандидаттары еліміздің әр өңіріне барып, сайлаушыларымен кездесіп жүр. Тұрғындарға тұғырнамасын таныстырып қана қоймай ел-жұртты мазалған мәселелін тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне де назар аударуда.
«Әділет» партиясының кандидаттары Атырауға барды. Бірінші Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымымен кездесті. Қатысушыларға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Кәсіпорын қызметкерлері өндірісті цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, кадр даярлау, отбасы құндылықтарын нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін көтерді. Одан соң партиялықтар TEXOL вагон жасау зауытына мен «Ембімұнайгаз» кәсіпорнына барды. Онда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, мұнай-газ саласын одан әрі дамыту секілді мәселелер талқыланды.