Тараздың туристік әлеуеті тағы бір маңызды жобамен толықты. Еліміздегі ең үлкен аквапарк аумағында ZERBULAQ қонақ үйі ашылды. Енді өңірге алыс-жақынан келген туристер мен қонақтар демалысын бір күнмен шектемей, жайлы орында тынығып, аквапарктың барлық мүмкіндігін пайдалана алады. Бүгін жаңа қонақ үйдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 


Қонақ үй төрт жұлдызды стандартқа сай салынған. Мұнда барлығы 37 нөмір бар. Оның 11-і – Standard, 21-і – Deluxe, ал 5-і – Suite санатына жатады. Барлық бөлме заманауи талапқа сай жабдықталған. Қонақтардың жайлылығы үшін интернетке қосылған теледидар, кондиционер, тоңазытқыш, шай әзірлеуге арналған жиынтық және өзге де қажетті қызметтер қарастырылған.