2026 жылдың 24–30 шілдесі аралығында өңірде 30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай «Адам саудасы – ауыр қылмыс» Республикалық ақпараттық науқаны өтуде.
Адам саудасының –негізгі түрлеріне еңбек және жыныстық қанау, жаңа туған нәрестелерді заңсыз сату, қайыр сұрауға мәжбүрлеу жатады. Осыған байланысты мобильді топтар теміржол вокзалдарында, әуежайда және шаруа қожалықтарында рейдтер өткізіп, еңбек заңнамасының сақталуын тексеруде. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізіліп, заңсыз жұмысқа орналастыру мен адам саудасына қатысты 3 474 интернет-ресурс бұғатталды. Мамандар адам саудасы туралы қандай да бір ақпар білсеңіз, бірден полицияға хабарласуға шақырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары азаматтарға жеке құжаттарын бөгде адамдарға бермеуге, жақындарына жүрген жері туралы хабарлап жүруге, шетелде жұмыс, оқу немесе неке туралы ұсыныстарды мұқият тексеруге және кез келген құжатқа қол қоймас бұрын оның мазмұнын толық оқып шығуға кеңес береді.