Жамбыл облыстық қан орталығында аллергия мен бронх демікпесін емдеуде қолданылатын плазмаферез әдісі кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл процедура қан құрамындағы аллергендер, иммундық кешендер мен улы заттарды шығарып, ағзаның қорғаныс жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.


Аллергия мен бронх демікпесі-соңғы жылдары жиілеп бара жатқан созылмалы дерттердің бірі.Мұндай жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеумен қатар плазмаферез де кешенді терапияның маңызды бөлігі саналады.