Меркі ауданында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Акция аясында аудан тұрғындары құқық қорғау органдарының өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Сауалдарына нақты жауап берді.Тұрғындар мемлекеттік қызметтерді алу, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, құжаттандыру, көші-қон және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.Тиісті сала мамандарынан жан-жақты түсіндірме алды.