Жаз мезгілінде су жағасына ағылатын демалушылар көбейеді. Сондықтан қауіпсіздік мәселесі де ерекше назарда. Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы тәулік бойы кезекшілік атқарып, су айдынын тұрақты бақылауда ұстап келеді.
Құтқарушылар күн сайын моторлы қайықпен су қоймасын толық аралап шығады. Негізгі мақсат – қауіптің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мамандар суға тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді. Себебі су қоймасының кейбір аумақтарында шомылуға тыйым салынған. Мұндай жерлерде су түбі терең немесе ағысы қауіпті болуы мүмкін.