Тау үстінде тіршілік қыза түсті. Талас өңірінде дәл қазір дала жұмыстары қайнап жатыр. Ауданда жалпы көлемі 12 мың 800 гектар егіс алқабы игерілуде. Онда дәнді дақылдармен қатар мал азығы, техникалық және бақша дақылдары өсіріледі. Табиғаты қатал Таласта биыл табиғат қарасқан. Жауын шашын мол түсіп, егін орағы гектарына 20 центнерден жоғары өнім беруде.
Мал азығын дайындау науқаны да жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биыл аудан бойынша 180 мың тонна мал азығын әзірлеу көзделсе, бүгінгі күнге дейін оның 89 мың тоннаға жуығы жиналды. Өткен жылы шаруалар 170 мың тонна мал азығын дайындаған. Биыл бұл межені асыра орындауға мүмкіндік мол деп болжап отыр.