Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол жүру ережесін бұзған автокөліктер кортежі анықталды. Онда көліктердің бірінің жолаушысы люктен шығып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, отшашу атқан.
Құқық бұзған 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны, түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Соттың қаулысымен құқық бұзушыға 45 айлық есептік көрсеткіш яғни, 194 625 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген автокөлік жүргізушілері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ескертеді: қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, түнгі тыныштықты бұзу және Жол қозғалысы ережелерін әдейі елемеу – заң бұзушылық. Сондықтан мұндай жағдайда кінәлілер заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.