Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар елді мекендерді абаттандыру мен Таза Қазақстан экологиялық акциясына қатысты мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.


Таза Қазақстан жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспар маслихаттың кезекті сессиясында ресми түрде бекітілді. Бағдарлама аясында аймақтарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады .Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия қорытындысы бойынша көтерілген өзге де бастамалар депутаттардың қолдауына ие болды.