Жамбыл ауданында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар өз нәтижесін көрсетіп келеді. Биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болған 24 азаматқа жалпы көлемі 41,5 миллион теңге қаржы бөлінді. Қолдау шарасы өндіріс, қызмет көрсету және мал шаруашылығы салаларында жаңа кәсіптердің ашылуына мүмкіндік беріп отыр.


Грант иегерлерінің бірі – автокөлік жөндеу шебері Дулат Болтаев. Ол бұл салада 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өткен жылы жеке кәсібін бастаған кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.