Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтады. Қала көшелерінің бірінде BMW автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі дрифт жасап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірген, түнгі тыныштықты бұзып, жол жабынына зақым келтірген.


Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлық материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция ескертеді: ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында дрифт жасау – қызық көрініс емес, бұл айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заң бұзушылық. Мұндай әрбір дерек жедел түрде анықталып, кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.