Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Іс-шараның көздегені – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы құқықтық нормаларды түсіндіру және құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсету.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Тараз қаласының прокуратурасы халық көп шоғырланған «MART» ойын-сауда орталығында уәкілетті мемлекеттік органдарды тарта отырып, азаматтарды қабылдауға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Бұл өз кезегінде халықпен тікелей диалог орнату мүмкіндігін кеңейтті.