Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық музыкалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған қазақстандық жас өнерпаздармен кездесті. Олардың қатарында «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінінен жеңіспен оралған Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова, сондай-ақ, Италияда өткен музыкалық конкурстың жеңімпазы Ален Басен бар. Кездесуге олардың педагогтері мен ата-аналары да келді.
Лауреаттарды құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және ұлттық бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен өнердің айрықша рөліне үнемі тоқталатын айтты. Жаңа Конституцияда мәдениет пен ұлттық құндылықтар мемлекетті дамытудың ең маңызды негіздерінің бірі ретінде бекітілген. Сол себепті де дарынды балалар мен жастарды қолдау – ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция деді. Сондай-ақ, вице-премьер осындай әрбір жеңіс – бұл еліміздің жетістігі деді және Қазақстандық балалар халықаралық сахнада өзін сенімді көрсетіп келетіндігіне ризашылығын білдірді.