Күрделі жөндеу көрген Боранды теміржол вокзалы қайта ашылды. Заманауи талапқа сай жаңартылған нысанның сыртқы келбеті ғана емес, ішкі инфрақұрылымы да толық жаңғырған. Енді мұнда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Жаңарған вокзалдың салтанатты ашылуына тұрғындар мен жауапты сала өкілдері қатысып, жаңа нысанның лентасы қиылды.


Жуалы жұрты үшін айтулы күн. Себебі Боранды теміржол вокзалы толық жаңғыртудан өтіп, жаңа келбетке енді. Жалпы аумағы 303,94 шаршы метр болатын вокзал тәулігіне 54 жолаушыға қызмет көрсетіп, бір мезетте 28 адамды қабылдай алады. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.