Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Таразда «Жамбылдың жастары жырлайды» атты рухани кездесу өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, өңірдің шығармашыл жастарымен жүздесті.


Алдымен Мәлік Отарбаев жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті. Бұдан соң, Президент кеңесшісі Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында болып, мұндағы ақынның құнды мұраларымен танысып, естелік кітапқа қол таңба қалдырды.