Бүгін Жамбылдықтар майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың рухына тағзым етіп, оның Тараздағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 


Ақаділ Сухамбаев 1941 жылы әскер қатарына алынып, 174-ші Борисовск атқыштар дивизиясының құрамында болды. Жауынгер Беларусь, Литва, Польшаны азат ету шайқастарына қатысты. Әйгілі «Стжельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған ұрыста ол оқ шашқан пулеметтің ұңғысын өз денесімен жапты. Осылайша, небары 24 жасында өшпес ерлік көрсетті. Отан алдындағы борышын адал орындап, ерлікпен қаза тапқан ердің есімі осылайша ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі жаңғыра бермек.