Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы: отбасы, мектеп, қоғам» атты аудандық ата-аналар форумы өтті. Форумның мақсаты – жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ана, білім беру ұйымдары және қоғам арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына жағдай жасау.
Жиынға аудан әкімі, аудан прокуроры, облыстық ата-аналар комитеті, ардагерлер, ата-аналар мен психологтар қатысты. Форум барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, интернет қауіпсіздігі, балалардың психологиялық саулығы және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.