Бүгін Аналар кеңесі «Айналайын» жобасы аясында болашақ аналарға 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға қазақ, орыс, поляк, түрік, неміс, татар, тәжік, кәріс, қытай, қарашай-балқар этномәдени бірлестіктерінің Аналар кеңесі төрағалары қатысты.
Қайырымдылық аясында № 8-ші емхана, Құмшағал және Шайқорық алқаптарының емханаларына қарасты әлеуметтік осал топтағы 40-қа жуық аналардың перзентханаға арналған алғашқы қажеттіліктері қамтамасыз етілді.