Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындары және түрлі сала өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізді. Сапар барысында ел дамуының өзекті мәселелері талқыланып, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Жұмыс сапары Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме ұжымымен кездесуден басталды. Депутаттар конституциялық реформалардың маңызын түсіндіріп, Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік басқаруды жаңғырту мен азаматтар құқықтарын қорғаудағы рөліне тоқталды. Қызметкерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.Құлан ауылындағы тұрғындармен кездесуде саяси реформалардың мәні, әлеуметтік әл-ауқатты арттыру және әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды. Ауыл инфрақұрылымы, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту тақырыптары көтерілді.Сапар барысында «Mooz Tau» ЖШС ұжымымен де жүздесу өтті. Онда Конституция жобасының экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған нормалары айтылды.Жалпы, сапардың мақсаты – халықпен тікелей байланыс орнатып, саяси жаңғыру үдерістерін түсіндіру және ұсыныстарды назарға алу болды.