Жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға жол бермеу мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері автобус парктерінде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бақылау іс-шаралары барысында жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің медициналық тексеруіне және заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда. Тексеру нәтижесінде техникалық ақауы бар көлік құралдарын желіге шығарғаны үшін 25 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Себебі, автобустардың техникалық жағдайы жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жол үстіндегі кез келген ақау апатты жағдайға және ауыр салдарға әкелуі мүмкін, дейді мамандар.