Тараздық оқушылар Күләш Ахметованың өлеңдерін оқып, өзара бақ сынады. Бүгін қалада Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» атты поэтикалық баттл өтті. Оған дарынды білімгерлер қатысып, ақын шығармаларын жаңаша форматта насихаттады.
Іс-шара Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналды. Поэтикалық баттл ақынның бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа танытып, шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде қатысушылар жасанды интелектінің көмегімен өз-өзін заманауи үлгіде таныстырып, креативті ойлау қабілеттерін көрсетті.