Жамбыл облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы 2025 жыл қорытындыланды. Өңірде ауқымды көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, тоғыз мың гектарға 16 миллионнан астам көшет отырғызылған.

Негізгі басымдық сексеуіл мен қарағаш өсіруге берілген. Келесі маусымға дайындық та жүйелі жүргізілуде: 54 тоннадан астам тұқым жиналып, тағы 16 миллион көшет өсіру жоспарланып отыр. Дегенмен өткен жыл табиғи сынақтарсыз өткен жоқ — 50 орман өрті тіркеліп, 33 мың гектардан астам аумақ зардап шекті. Сонымен қатар сирек кездесетін жануарлар популяциясының өсуі байқалады. Қарақұйрық саны 10 пайызға артса, арқар үштен бірге көбейген. Бұл – инспекторлардың тұрақты рейдтері мен табиғатты қорғау шараларының нәтижесі.