Жамбыл жастары мен қала тұрғындары Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен «Конституциялық реформаға қолдау» атты live-концертке қатысты. Іс-шараға 3000- нан астам адам жиналды. Концерт барысында тұрғындар алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымдарын білдіруге шақырылды.
Концерттік бағдарлама жалпыұлттық коалиция мүшелерінің баяндамаларымен жалғасты. Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және бірқатар мемлекеттік мекемелер Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, алдағы референдум туралы ақпарат берді. Ал жұлдыздарды көремін деп келген тұрғындар концерттің басталуын асыға күтті.