ҚР Сенат депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында Жуалы ауданында жұмыс сапармен болды. Республикалық штаб мүшелері өңір тұрғындарымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізіп, жаңа Конституция жобасына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Б.Момышұлы ауылында өткен кездесуге еңбек ұжымдары, тұрғындар және жастар қатысты. Сенатор Бекболат Орынбеков өз сөзінде жаңа Ата Заң жобасының өзегі – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындау екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол құжатта Егемендік пен Тәуелсіздік елдің аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілген жеткізді.Ұсынылып отырған өзгерістер – еліміздегі саяси жүйені жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Адамның құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегі мен басым бағыты ретінде айқындалады. Республикалық штаб мүшесі, сенатор Сәкен Арубаев жаңа Конституцияның жобасындағы маңызды тұстарына тоқталды. Сондай-ақ республикалық халықтық штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен және Қарасаз ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесіп, құжаттағы негізгі өзгерістер туралы айтты. Кездесу барысында алдағы өткізілетін Жалпыұлттық референдумға белсене қатысуға және қолдау көрсетуге шақырды. Жиында ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салды. Жаңа Конституция ел болашағы үшін аса маңызды құжат екенін айтып, қолдау білдірді.