«Баласағұн» орталық концерт залында ерекше мәдени шара өтті. Бұл күні Жамбыл облысындағы кәрістер қауымдастығы корей халқының Жаңа жылы — «Соллаль» мерекесіне арналған салтанатты концерт ұйымдастырады.
«Соллаль» мерекесі – жаңару мен үміттің, бірлік пен татулықтың символы. Мерекелік кеште ұлттық дәстүрлер насихатталып, корей халқының бай мәдениеті таныстырылды. Көрермендер үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарламада ән мен би, сахналық қойылымдар және ұлттық өнер үлгілері ұсынылды.